I ОРЫН

Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Амангелді Айханым С. Мәуленовтің шығармашылығына арналған қалалық «Сырбай мұрасы» байқауының «Сырбай поэзиясы – трендте» номинациясы бойынша I ОРЫН иеленді! 🥇✨Айханымды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім мен шығармашылық жолында алар асуларың биік, жетістіктерің мол болсын! 💐Жетекшісі Жансая Абдихажимқызына шәкіртінің талабын шыңдап, жеңіске жетелеудегі еңбегі үшін алғыс білдіреміз! 🌷Жеңісті күндеріміз көп болсын!  

Қарттар күні қарсаңында мектебімізде «35 мейірім қорабы» қайырымдылық акциясы өтеді.

Оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды игі іске атсалысып, аға буын өкілдеріне қамқорлық пен жылулық сыйлауға шақырамыз. 🤲🏻 Әр қорапқа қажетті заттармен бірге жылы лебіздеріңіз жазылған ашық хат қосуға болады. 💌 📅 29 қыркүйек ⏰ 10:30–14:30 📍 Мектептің спорт залы Әр қорапта — мейірім, әр игі істе — қамқорлық! ❤️

Алаңдататын белгілерді назардан тыс қалдырмаңыз: ІІМ ата-аналарды балаларға мұқият болуға шақырады

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі барлық кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне, сондай-ақ студенттер мен жеке кәсіппен айналысып жүрген жастарға үндеу жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылының басталуымен полиция қызметкерлері еліміздің барлық мектептері мен оқу орындарын профилактикалық іс-шаралармен қамтыды. Жалпы 16 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді, оның 5 мыңнан астамы тәжірибелі ұстаздар, психологтар және нарколог-дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда елімізде есірткі қылмыстары үшін 69 жасөспірім ұсталды. Оның ішінде 40-ы есірткі өткізгені, 27-сі аса ірі мөлшерде сақтағаны, екеуі есірткі жарнамалағаны және насихаттағаны үшін ұсталған. Атап өту керек, ұсталғандардың 52-і ұл, 17-сі қыз.

– Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер! Сіздерді мынадай белгілер ерекше алаңдатуы тиіс: баланың қолында ақшаның немесе қымбат заттардың кенеттен пайда болуы, телефон мен хат алмасуды жасыруы, әр түрлі күмәнді скриншоттар. Қосымша табыс белгілері – орама қалташалар, шағын пакеттер, оқшаулағыш таспа, электрондық таразылар және басқа да күмәнді заттар.

Read more

СЕНБІЛІККЕ ШАҚЫРАМЫЗ! 🌿

📅 19.09.2026 ⏰ 09:00 📍 Мектеп аумағы 5–11 сынып оқушыларын, сынып жетекшілерін, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерін сенбілікке шақырамыз! Тазалық пен көркейтуге бірге үлес қосайық! 💚 Бірге – мектебімізді көркейтейік! 🌱

ҚҰРМЕТТІ 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫ!

Сіздерді «Ата-аналар клубы» аясында өтетін ата-аналар жиналысына шақырамыз. Кездесу тақырыбы: «Баланың орта буындағы оқу жағдайына бейімделуі» Бүгінгі қолдау – ертеңгі сенімділік! 5-сыныпқа көшу – бала өміріндегі маңызды кезең. Кездесу барысында баланың жаңа оқу жағдайына бейімделуіне қалай көмектесуге болатынын, оқу жүктемесін жеңіл қабылдауын, мұғалімдермен және сыныптастарымен тиімді қарым-қатынас орнатуын, сондай-ақ оның эмоционалдық әл-ауқатын қолдау жолдарын талқылаймыз. … Read more

ҚҰРМЕТТІ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫ!

Сіздерді «Ата-аналар клубы» аясында өтетін ата-аналар жиналысына шақырамыз. Кездесу тақырыбы: «Бірінші сынып оқушысының бейімделуі және мектеп өмірінің қауіпсіз басталуы» Бақытты балалық шақ мектептен басталады! Бірінші сыныпқа бару – бала мен бүкіл отбасы өміріндегі маңызды кезең. Кездесу барысында бірінші сынып оқушысының мектепке жеңіл бейімделуіне қалай көмектесуге болатыны, оның эмоционалдық әл-ауқатын қалай қолдау керектігі және мектеп өмірін … Read more

Кітаптарды қайдан алуға және қалай оқуға болады

  «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ! МАРАФОН ШАРТТАРЫ: 📅 Мерзімі:Қыркүйек – Наурыз аралығы 📖 Тапсырма:15 кітап оқып шығу 🏆 Жеңіс кілті:Оқылған кітаптар бойынша тест тапсырып, үздік нәтиже көрсету. ҚАЛАЙ ҚАТЫСАСЫЗ? 1. www.reading-nation.kz бірыңғай цифрлық платформасына өтіп, 1–30 қыркүйек аралығында тіркеліңіз. 2. Ұсынылған кітаптар тізімін оқыңыз. 3. Тест тапсырып, қаржылай сыйлықтарға ие болыңыз! Ұлттық электронды … Read more

Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Анисимова Вероника — кітап оқуды өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған жас оқырман.

Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Анисимова Вероника — кітап оқуды өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған жас оқырман. Бүгінгі күнге дейін Вероника 800 кітап оқып шықты! 👏📖 Бұл — ізденістің, табандылықтың және кітапқа деген шынайы сүйіспеншіліктің тамаша нәтижесі. Әрбір оқылған кітап — жаңа білім, жаңа ой, жаңа әлем. Верониканың жетістігі өзге оқушыларға да кітап оқуға деген қызығушылық сыйлап, жақсы … Read more

МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ БРАКЕРАЖ КОМИССИЯСЫ

Мектебіміздің асханасында бракераж комиссиясының қатысуымен арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында комиссия мүшелері асхананың жұмысымен танысып, тағамдардың дайындалу және оқушыларға ұсынылу үдерісін, ас мәзірінің ұйымдастырылуын, азық-түліктің сақталу жағдайларын және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қарастырды. 🥗 Оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету — мектебіміздің маңызды міндеттерінің бірі.