Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған күн. Мектебімізде даңқты батыр, аңызға айналған қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай патриоттық іс-шара өтті. Оқушылар батырдың өмір жолы мен ерліктері, Отан қорғаудағы үлесі және ұлттық рухты қалыптастырудағы рөлі туралы мағлұмат алды. Іс-шара аясында мектеп пен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.