Астана қаласы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімі №36 мектеппен бірлесіп экстремизм мен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді. Мақсат — төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді пысықтау, оқушылардың қауіпсіздігін күшейту және ақпараттандыру деңгейін арттыру.