Астана қаласы әкімдігінің «№36 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі
Дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру:
сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау
Директор Бапанова Г.К.
Сейсенбі: 14:00–17:00
Бейсенбі: 14:00–17:00
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары
Мустиярова А.У.
Сәрсенбі: 09:00–18:00
Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары
Сүлейменов Ж.Н.
Дс.–Жм.: 08:00–10:00, 14:00–16:00
Әлеуметтік педагог Қарабай Ә.Р.
Бейсенбі: 09:00–18:00
Педагог-психолог Алибаева С.А.
Сәрсенбі: 15:00–17:00
Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға және олардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етуге жауапты – хатшы Имашева Турсынай Жалғасбекқызы.
Байланыс телефоны: +7 747 181 40 42
Азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарау қағидалары
Мектеп басшысы азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдау жүргізеді.
Қабылдау жұмыс орнында белгіленген күндері мен сағаттарында жүргізіледі.
Жеке қабылдау барысында азаматтарды қабылдау журналына тіркеу жүргізіледі.
Егер өтініш қабылдау кезінде шешілмесе, ол жазбаша түрде рәсімделіп, жазбаша өтініш ретінде қаралады.
-
Өтініш мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъектінің немесе лауазымды тұлғаның атына жолдануы тиіс.
-
Жеке тұлғаның өтінішінде тегі, аты, әкесінің аты (қалауы бойынша), пошталық мекенжайы, ал заңды тұлғада – атауы, мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке өтініш беруші қол қоюы немесе ЭЦҚ-мен куәландырылуы тиіс.
Шағымда шағымданатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның деректері, себептері мен талаптары көрсетіледі.
-
Жазбаша өтініш берген тұлғаға тіркеу туралы талон беріледі.
-
Заңға сәйкес берілген өтініштер міндетті түрде қабылданады, тіркеледі және қаралады. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
-
Құзыретке кірмейтін өтініш 3 жұмыс күні ішінде тиісті органға жіберіледі.
-
Қосымша тексеруді қажет етпейтін өтініштер 15 күн ішінде қаралады.
-
Қосымша ақпарат немесе тексеру қажет болса – 30 күн ішінде қаралады.
-
Жауаптар негізделген және дәлелді болуы тиіс, заңнамаға сілтеме жасалып беріледі.
-
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу бөлек жүргізіледі.
Мемлекеттік органдарға өтініш беру:
https://eotinish.kz/kk
Өтініш беру бойынша нұсқаулық
eOtinish арқылы:
-
eOtinish.kz сайтына кіріңіз немесе eGov Mobile қосымшасын ашыңыз
-
ЖСН немесе ЭЦҚ / Digital ID арқылы тіркеліңіз
-
«Өтініш беру» → «Жеке/заңды тұлғаны қабылдауға жазылу» таңдаңыз
-
Формада:
-
Ұйымды таңдаңыз: Астана қаласы әкімдігінің №36 мектебі
-
Мақсатын жазыңыз (қабылдауға жазылу)
-
-
Қажет болса файл тіркеңіз
-
ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы қол қойып жіберіңіз
-
Жеке кабинеттен статусын бақылаңыз