Құрметті ата-аналар!
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында кәмелетке толмағандар мен жастар арасында жалдамалы пәтерлерде, ресторандар мен ойын-сауық орындарында түрлі кештер өткізу фактілері жиілейді.
Осыған байланысты мектеп әкімшілігі сіздерден өз балаларыңызбен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сұрайды.
Сіздерге балаларыңыздың мереке күндері үйден тыс орындарда болуы бақылауда болудың, кешкі және түнгі уақытта кәмелетке жасы толмағандардың ата-анасыз көшеде жүруіне жол бермеудің маңыздылығын естеріңізге саламыз.
Балаларыңызға құқықтық нормаларды, қоғамдық орындардағы тәртіп талаптарын және үлкендердің қарауынсыз пәтердегі кештердің қауіптілігін түсіндірулеріңіз қажет.
Алдын алу шараларды күшейту мақсатында, балаларыңыздың кешкі және түнгі уақытта үйде болмау жөніндегі барлық фактілер бойынша мектеп әкімшілігі немесе сынып жетекшілерімен тұрақты байланыста болуларыңызды сұраймыз.
Мектеп тарапынан ұйымдастырылатын іс-шаралар тек өз ғимаратында өткізілетінін ескертеміз. Жасөспірімдерге арналған мерекелік салтанатты шараларды ойын-сауық, жалға алынған орындарда өткізуге тыйым салынады және мектеп тарапынан олар ұйымдастырылмайды.
Өз балаларыңызға сақ болыңыздар!
Мектептің жауапты қызметкерлерлерінің телефон нөмірлерін ресми сайтынан таба аласыздар.
ҚАУІПСІЗДІК ЖАДЫНАМАСЫ
қысқы каникул кезеңінде ата‑аналар мен оқушыларға
Құрметті ата‑аналар!
Жаңа жыл мерекелері, каникулдар – балалар мен ересектер үшін тамаша уақыт, демалыс, қызықты істер мен жаңа әсерлер кезеңі. Әрбір үйде әдемі шырша орнатылып, безендіріледі. Бұл күндер қайғылы жағдаймен көлеңкеленбеуі үшін балалар мен ересектердің қауіпсіздік ережелерін сақтауына ерекше назар аудару қажет.
Есіңізде болсын, дәл осы уақытта тұрмыстық және көшедегі жарақат алу қаупі едәуір артады. Балаңызбен бірге оның немен айналысатынын, уақытты қалай дұрыс жоспарлау керектігін талқылаңыз. Балаларыңызға көңілді каникул ұйымдастырыңыз, оларды мазмұнды өмір сүруге үйретіңіз, теледидар алдында уақытты босқа өткізуден сақтаңыз.
Серуендер, таза ауадағы ойындар – оқу сабақтарынан кейінгі ең жақсы демалыс, ол көптеген балаларға оқу кезінде жетіспейді. Балаларды көшеге жібергенде, оларға жол қозғалысы ережелерін еске салыңыз, қысқы жолдардың қауіптілігін тағы да түсіндіріңіз. Балаларды мұзға жалғыз жібермеңіз. Оларды кешкі және түнгі уақытта (сағат 22.00‑ден кейін) ересектердің қарауынсыз көшеде қалдырмаңыз.
Балаларыңыздың бос уақытын қатаң бақылаңыз. Оларға пиротехникамен ойнауға рұқсат бермеңіз. Есіңізде болсын: пиротехникамен дұрыс емес әрекет жасау балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізіңіз. Бақытсыз жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретіңіз.
Пиротехникалық бұйымдарды қолдануға қатаң тыйым салынады!
Қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз және қысқы каникул күндерінде балалардың тәртібін қатаң бақылаңыз! Балаларыңызды қорғаңыз!
