Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына бағытталған UstazКласс жобасы аясында UstazBooks — кітап оқитын педагогтердің қауымдастығы іске қосылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет «Оқитын ұлт – зияткер ұлт» екенін атап өтіп, кітап оқу мәдениеті заманауи қоғамның дамуының маңызды құрамдас бөлігі екенін айтқан болатын. Үнемі кітап оқитын педагог өзі де дамып, шәкірттері үшін жаңа идеялардың қайнар көзіне айналады.

UstazBooks — бұл жай ғана кітап оқу емес. Бұл:

– кәсіби көкжиегіңізді кеңейтуге;
– білім беру, психология, көшбасшылық және жеке тиімділік салаларындағы заманауи зерттеулермен танысуға;
– негізгі идеяларды әріптестермен талқылауға;
– үздік тәжірибелерді кәсіби қызметте қолдануға мүмкіндік береді.

Әр ай сайын біз бір кітапты бірге оқып, алған әсерімізбен бөлісеміз, негізгі идеяларды талқылаймыз және оларды тәжірибеде қолдану жолдарын бірге қарастырамыз.

📚 Шілде айының кітабы: Малкольм Гладуэллдің «Генийлер мен аутсайдерлер» атты еңбегі.

Баршаңызды осы бастамаға белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл бағыт мектебіміздің кәсіби қауымдастығын одан әрі дамытып, педагогтердің күн сайын білім алып, тәжірибе алмасуына ықпал етеді деп сенеміз.

UstazКласс — бірге оқимыз, дамимыз, бір-бірімізді шабыттандырамыз!

Гении и аутсайдеры