Балалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында прокуратура органдары дайындаған оқыту бейнероликтер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Бейнероликтердің басты кейіпкері — Тәріпбек. Ол балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіреді.

Сіздерден өтінеміз:

✅ бейнематериалдарды балаларыңызбен бірге көріп шығуларыңызды;

✅ олармен қауіпсіздіктің негізгі ережелерін талқылауларыңызды;

✅ роликтерде берілген ұсынымдарға ерекше назар аударуларыңызды.

Балалардың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік.

Ынтымақтастықтарыңыз бен балаларымыздың қорғалуы мен амандығына бейжай қарамайтындарыңыз үшін алғыс білдіреміз.