Мектеп формасына қойылатын негізгі талаптарды назарларыңызға саламыз.
Мектеп формасы классикалық стильде, жинақы әрі ыңғайлы болуы және негізінен қою көк түстер үйлесімінде таңдалуы қажет.
👦 Ұлдарға рұқсат етіледі: пиджак, жилет, классикалық шалбар, ақ немесе көк жейде, галстук.
👧 Қыздарға рұқсат етіледі: пиджак, жилет, белгіленген ұзындықтағы белдемше немесе сарафан, классикалық шалбар, ақ немесе көк блузка.
❄️ Суық мезгілде трикотаж жилет, водолазка және мектептің киім үлгісіне сәйкес басқа да киімдерді киюге болады.
👞 Аяқ киім ыңғайлы, классикалық үлгіде және аласа өкшелі болуы тиіс. Спорттық аяқ киім дене шынықтыру сабақтарына арналған.
Ата-аналардан балаларды жаңа оқу жылына дайындау кезінде мектеп формасына қойылатын талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз. Бірыңғай іскерлік стиль мектепте жинақы әрі оқу үдерісіне қолайлы орта қалыптастыруға көмектеседі.