Сіздерді «Ата-аналар клубы» аясында өтетін ата-аналар жиналысына шақырамыз.

Кездесу тақырыбы:

«Баланың орта буындағы оқу жағдайына бейімделуі»

Бүгінгі қолдау – ертеңгі сенімділік!

5-сыныпқа көшу – бала өміріндегі маңызды кезең. Кездесу барысында баланың жаңа оқу жағдайына бейімделуіне қалай көмектесуге болатынын, оқу жүктемесін жеңіл қабылдауын, мұғалімдермен және сыныптастарымен тиімді қарым-қатынас орнатуын, сондай-ақ оның эмоционалдық әл-ауқатын қолдау жолдарын талқылаймыз.

Күні:
📅 2026 жылғы 17 қыркүйек

Уақыты:
🕡 18:30

Өтетін орны:
📍 Акт залы

Бірге біз балалардың өсіп, дамуына көмектесеміз!

Сіздердің қолдауларыңыз бен белсенді қатысуларыңыз – баланың орта буынға сәтті бейімделуінің маңызды бөлігі.

МЫҚТЫ МЕКТЕП – БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР

Мектеп әкімшілігі және психологиялық қызметі