Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Анисимова Вероника — кітап оқуды өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған жас оқырман. Бүгінгі күнге дейін Вероника 800 кітап оқып шықты! 👏📖

Бұл — ізденістің, табандылықтың және кітапқа деген шынайы сүйіспеншіліктің тамаша нәтижесі. Әрбір оқылған кітап — жаңа білім, жаңа ой, жаңа әлем.

Верониканың жетістігі өзге оқушыларға да кітап оқуға деген қызығушылық сыйлап, жақсы үлгі болады деп сенеміз.