Мектебіміздің асханасында бракераж комиссиясының қатысуымен арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында комиссия мүшелері асхананың жұмысымен танысып, тағамдардың дайындалу және оқушыларға ұсынылу үдерісін, ас мәзірінің ұйымдастырылуын, азық-түліктің сақталу жағдайларын және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қарастырды.

🥗 Оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету — мектебіміздің маңызды міндеттерінің бірі.