Биыл мектебіміз маңызды дата — құрылғанына 90 жыл толуын атап өтуде.
Мерейтой аясында игі бастамаларды біріктіретін
«36 идея, 36 жоба, 36 шабыт» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобалардың бірі ретінде 36-мектептен 36 құс ұясы жасалып, табиғатқа қамқорлықтың символына айналды.
Бүгін біз осы дәстүрді жалғастырып, сіздерді жаңа бастамаға қатысуға шақырамыз:
«36 мектепке – 36 гүл»
Біздің мақсатымыз — мектепте жайлы, заманауи және экологиялық орта қалыптастыру.
Тірі өсімдіктер интерьерді көркейтіп қана қоймай, ауаны тазартып, балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады.
Осыған орай, әр сыныпты, сондай-ақ ата-аналар мен мектеп түлектерін
кемінде бір бөлме гүлін сыйға тартуға шақырамыз.
Рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- өсімдік — ірі, сау, биіктігі 80 см және одан жоғары;
- кашпо (құмыра) — ақ түсті, жылтыр, суретсіз және әшекейсіз,
биіктігі — 57,5 см, диаметрі — 29 см.
Біркелкі безендіру мектеп дәліздерінде стильді әрі үйлесімді орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Барлық сұрақтар бойынша жауапты тұлғаға хабарласуға болады:
Мадина Дюсембековна +7 747 423 60 31
Бірге мектебімізді одан әрі көрікті, жайлы және жасыл етейік!
Құрметпен, Мектеп әкімшілігі
