Құрметті ата-аналар!
?️ 2026–2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне 1-сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. ✍️ Мектептің даярлық сыныбында оқыған және сол мектепте білімін жалғастырғысы келетін балалар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде қабылданады. Барлық жалпы білім беретін ұйымдарға (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден басқа) 1-сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі.
? Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
? Электронды түрде: www.egov.kz порталы арқылы
? Қағаз түрінде: мектепке жеке келіп тапсыру
? Қажетті құжаттар:
-
Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші; ?
-
Баланың туу туралы куәлігі;
-
Заңды өкілдің жеке куәлігі (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
-
Медициналық анықтамалар: № 065/у («Егу паспорты») және № 052-2/у («Баланың денсаулық паспорты»); ?
-
Баланың цифрлық немесе 3х4 см өлшемдегі фотосуреті. ?
Ескерту: Мектеп бекітілген тізімге кірмейтін құжаттарды талап етуге құқылы емес.
? Мектептердің микроучаскелерге бөлінуі туралы ақпарат Астана қаласы Білім басқармасының ресми сайтында қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-bilim?lang=kk және мектептердің сайттарында.
Құжаттар қабылдау жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) жүргізіледі.

? Мектептер арасында ауысу:
Оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру келесі жағдайларда мүмкін:
-
сот шешімі күшіне енген жағдайда; ⚖️
-
басқа елді мекенге немесе қала ішінде көшу кезінде (тұрғын үйді растайтын құжаттар болған жағдайда); ?
-
Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу кезінде; ✈️
-
балаға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік немесе буллинг жағдайлары анықталған кезде.
? Кеңес алу үшін байланыс телефондары:
Астана қаласы Білім басқармасы: 55-68-70, 55-68-81, 55-68-87, 55-74-62
