«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес мемлекеттік рәміздер мектебімізде кеңінен насихатталып, құрметпен қолданылады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгісі, халқымыздың бірлігі мен патриоттық рухының көрінісі болып табылады.

Мектебіміздің кіреберісінде мемлекеттік рәміздерге арналған арнайы ақпараттық стенд орналастырылған. Онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұраны туралы мәліметтер беріліп, оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Мемлекеттік рәміздердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Мектебімізде алғашқы және соңғы қоңырау салтанаттарында Мемлекеттік Ту арнайы тәртіп пен бекітілген ережеге сәйкес шығарылып, іс-шараның маңыздылығын арттыра түседі.

Сонымен қатар, Республика күні мерекесіне орай мектебімізде салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар, ұстаздар және мектеп әкімшілігі түгелдей мектеп алаңына жиналды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, қатысушылар туған еліне деген мақтаныш сезімдерін білдірді. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, қазақ халқының даңқты перзенті, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған әскери-патриоттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара барысында Мемлекеттік Ту салтанатты түрде шығарылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Оқушылар батырдың ерлік жолымен танысып, патриоттық тәрбиеге бағытталған түрлі шараларға белсенді қатысты.

Мектебімізде мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, олардың ұлттық сана-сезімі мен патриоттық рухын қалыптастыруға зор үлес қосады.

 

Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған күн.

Мектебімізде даңқты батыр, аңызға айналған қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай патриоттық іс-шара өтті. Оқушылар батырдың өмір жолы мен ерліктері, Отан қорғаудағы үлесі және ұлттық рухты қалыптастырудағы рөлі туралы мағлұмат алды. Іс-шара аясында мектеп пен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

 

«МЕРГЕН АРУ-2025»