Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

Мектебімізде тұлғалық дамуға арналған жаңа «MektepUP: Менің жолым / Мой путь» бағдарламасы басталды!

Бұл — әрбір оқушыға белсенді болуға, кітап оқуға, жобаларға қатысуға, өзін дамытуға және күн сайын бір қадам алға жылжуға көмектесетін заманауи әрі ашық жүйе!

Рейтинг ай сайын жаңартылып отырады, нәтижелер мектептің ресми сайтындағы «MektepUP Wall» бөлімінде жарияланады.

Жыл қорытындысы бойынша үш жас санатының (1–4, 5–8, 9–11 сыныптар) жеңімпаздары велосипедтерге ие болады!

Сонымен қатар, жүлделі орын алған оқушыларды бағалы сыйлықтарға ие болады!

Бағдарламаның басты ұстанымы — «Сенің күшің — сенің өсуіңде!»

Әрбір оқушы өз мектебінің мақтанышына айнала алады!