Мектеп формасына қойылатын негізгі талаптарды назарларыңызға саламыз.
Мектеп формасы классикалық стильде, жинақы әрі ыңғайлы болуы және негізінен қою көк түстер үйлесімінде таңдалуы қажет. Ұлдарға рұқсат етіледі:пиджак, жилет, классикалық шалбар, ақ немесе көк жейде, галстук. Қыздарға рұқсат етіледі:пиджак, жилет, белгіленген ұзындықтағы белдемше немесе сарафан, классикалық шалбар, ақ немесе көк блузка. Суық мезгілде трикотаж жилет, водолазка және мектептің киім үлгісіне сәйкес басқа да киімдерді киюге болады.
Аяқ киім ыңғайлы, классикалық үлгіде және аласа өкшелі болуы тиіс. Спорттық аяқ киім дене шынықтыру сабақтарына арналған. Ата-аналардан балаларды жаңа оқу жылына дайындау кезінде мектеп формасына қойылатын талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз. Бірыңғай іскерлік стиль мектепте жинақы әрі оқу үдерісіне қолайлы орта қалыптастыруға көмектеседі.